27/09/2024
Қазақстандағы жаңбырлатқыш машиналар жасап шығаратын жалғыз BNK Group заводына ел Президенті Қ.К.Тоқаев мырза келді.
Президент бұл сапарында ауылшаруашылық мамандарына өте қажет машиналардың жасалу технологиясын, жұмыс барысын өз көзімен көріп, танысуды мақсат етіпті.
Ауылшаруашылығына өте қажет машиналарды шығарып,көмек көрсетіп жатқанымыз - біздің заводтың үлкен жетістіктерінің бірі деп есептейміз. Осындай ауқымды істің басында іскер басшымыз Бейсенбаев Ниязали Курбаналиевич отыр. Ал Президенттің заводымызға ат басын тіреуі - біз үшін мақтаныш!