14/12/2020
2020 жылғы 21 тамыз күні ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ (қорытынды) кезеңі өтті.
«Мың бала» - ауыл балаларын қолдау мен дамытуға, олардың қала құрдастарымен табысты бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ-ның «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша бастамасы аясында іске асырылуда.
Олимпиада екі кезеңде өтті және ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6- сыныптағы оқушыларын қамтыды. Осы олимпиадаға мектебімізден 5 оқушы қатысып нәтижесінде 3 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ: Сарсенбай Батырхан, Сайлау Нұршат, Қуанышова Жансезім. Бүгін №5 орта мектебінде аудан әкімі - Рахат Елтизаров мырза жеңімпаздарды алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық ноутбуктер табыстады. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!