13/09/2026
Ақтауда ерекше шипажай бар🤩
Оның басты ерекшелігі — 983 метр тереңдіктен алынатын табиғи термалды минералды суы. Құрамында йод, магний, натрий, калий, кальций және басқа да минералдар бар.
Термалды су буын және аяқ-қол аурулары, тері мәселелері, асқазан-ішек жолы, урологиялық және гинекологиялық аурулар кезінде сауықтыру мақсатында қолданылады. Ал ішуге арналған минералды су асқазан-ішек жолы, бауыр, өт қабы, ұйқы безі және зәр шығару жүйесіндегі қабынуларға көмектеседі.
Термалды судан бөлек, шипажайда емдік массаж, ине алу, парафин терапиясы, магнит терапиясы, УВЧ/СВЧ, кедр бөшкесі және минералды ванна сияқты процедуралар да бар.
Ал сіз Ақтауда мұндай шипажай бар екенін білдіңіз бе?
repost by Маңғыстау телеарнасы