20/10/2023
ҮНСІЗ ҚАЛМА!!
ЖАЗЫҚСЫЗ әйелдер мен балалар өлетін СОҒЫСТА ЖЕҢІМПАЗ ЖОҚ! Мағыналы сөз.
Біз бірнеше күн бойы көптеген оқиғаларды естіп-көрудеміз. Жақындарын нысанаға алған бомбалар, күлі көкке ұшқан ауруханалар, балаларының мәйітін сөмкеге салып алып жүрген ата-аналар. Әрине, бұл жағдайдың күллі адамзаттың жүрегінде із қалдырмауы мүмкін емес... Алыстан куә болған біздер де талай жағымсыз сезімдерімізді жеңуге тырысамыз. Бүкіл әлем білетін, бірақ тоқтата алмайтын қатыгездікке де бейқам қарайтын хәлге жеттік.
Күн сайын тағы не болуы мүмкін деп ойлай отырып, біз одан да жаман жаңалықтарды естіп оянамыз. Пессимизміміз артып, болашаққа деген үмітіміз, арманымыз бірінен соң бірі азая бастайды. Ал көбіміз енді еш жерде өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз. Кез келген сәтте бірдеңе болып қала ма деген үрейдеміз. Соғыс адами құндылықтарымызды жоғалтып, жаңа ұрпақтың тұлғасы мен адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізеді.
Соғыс - ең ауыр жарақаттардың бірі. Адамдардың қайтыс болуы, жарақат алуы, мүгедек болу, жақындарын жоғалтудан қорқу, терроризм... Ал уақыт жылжи келе адамзаттағы зорлық-зомбылық күшейіп, адамдық сезімдеріміздің біртіндеп жоғалу қауіпі бар...
СОҒЫС ЖӘНЕ ОСЫ ҚЫРҒЫН ТУРАЛЫ ҮНСІЗ ҚАЛМАҢЫЗШЫ!