SEVENBOOKS.KZ

SEVENBOOKS.KZ «SEVENBOOKS.KZ» онлайн кітап дүкенінің парақшасына қош келдіңіз!

КЛИПТІК ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІОҚЫ  #4 (алды алдыңғы посттарда)Кітаптан үзіндіҚазіргі жастар мен олардың ойлау жүйесіне үлкен кісіл...
07/11/2020

КЛИПТІК ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
ОҚЫ #4 (алды алдыңғы посттарда)
Кітаптан үзінді

Қазіргі жастар мен олардың ойлау жүйесіне үлкен кісілердің қарны ашып, налитынын, түсінбейтінін, ұқпайтынын сіз де байқап жүрсіз бе? Ойланулары өте таяз, шешім қабылдаулары аса жылдам, сырт көзге «жүрдім-бардым» сияқты көрінетінімен де келісетін шығарсыз? Менің бір туыс ағам айтады «бұлар сау емес, шетінен ауру, науқас, онысын өздері тағы білмейді. Білгенді қойып, олар енді бізді ауру санайды» деп. Бұл құбылыстың атауы бар: Клиптік ойлау жүйесі.

Ойлау жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады: Біріншісі – сызықтық немесе мәндік. Екіншісі – клиптік.

Мәндік жүйемен ойлану кезінде адам неғұрлым терең анализ жасайды, қабылдауы мүмкін шешімдерден туындайтын нәтижелерін болжайды, ықтималдықтарды есептейді. Бұл жүйенің басты кемшілігі шешім қабылдауға өте көп уақыт пен қайрат жұмсалады.
Ал, клиптік ойлау жүйесімен ойланған адам (егер ойлану деп айтуға болса, әрине) көз алдындағыны ғана тез ойлап, көп нәрсеге басын қатырып жатпастан мейлінше шапшаң шешім қабылдай салады, соған тырысады. Тіпті автоматты түрде бейсана қабылдайды деуге де болады. Артықшылығы жылдамдығында – көп созбайды. Пайдасы – миға түсетін ақпараттық салмақтың зиянынан қорғайды.

Егер бір адам орташа есеппен 2000-жылдары күніне 1000-1200 жарнамалық мәтін көретін болған болса, 2020-жылы адам күніне 6000-8000 жарнамалық мәтін көреді екен. Осындай шектен тыс қажетсіз ақпараттың мидың негізгі «ойланушы камерасына» кіріп кетуінің алдын алып, блок қояды. Жарнама индустриясының да күн өткен сайын мәтіннен гөрі адамды әр-түрлі өткір эмоцияларға жетелейтін визуалды инструменттерді қолдануға көшіп жатқанының себебі осы шектен тыс ақпараттың адамды мезі етіп жалықтырғандығынан. Жарнамаларда еліктіргіш сөз айтудан гөрі жағымды музыка мен әдемі/қызық көрініс көрсету үрдіске айналып бара жатыр. (Мысалы, соңғы бірнеше реткі шыққан айфондардың ресми жарнама роликтерін қарап көріңіз) Жарнамалардың көбейгендігі соншалық қашып құтыла алмайсыз. Тіпті, сауда орталықтарындағы еркектердің әжетханасының қабырғасына (писуар) дейін жарнама жабыстырылған.


#оқы
#жаңақазақ

Егер осы жазба пайдалы болады ғой десеңіз бөлісіңіз

ҒЫЛЫМи ФАНТАСТИКА:ОҚЫ  #3 (алды алдыңғы посттарда)Кітаптан үзіндіӨткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап қытай әдебиетінд...
01/11/2020

ҒЫЛЫМи ФАНТАСТИКА

:
ОҚЫ #3 (алды алдыңғы посттарда)
Кітаптан үзінді

Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап қытай әдебиетінде ғылыми фантастика деген жанрға тыйым салыныпты. Бұл жанрды күмәнді әрі контрреволюциялық жанр деп танып, бұл жанр өкілдерін «Батыспен байланысы бар» деп айыптаған.

Чэнь Цюфан деген қытай жазушысы қазіргі қытай әдебиетіндегі ғылыми фантастика 1999 жылдың маусымынан бері қалыптаса бастады деп есептейді екен. Ол былай болған: 30 000 000-нан астам мектеп бітірген жас түлек жылдағыдай ұлттық емтихан тапсырады. Бірақ, 1999 жылға дейінгі оқушыларға келген шығарма тақырыптары көбіне патриотизм, қытай мемлекетінің ұлылығы тсс болып келген болса, 1999-жылы келгені мүлдем бөлек, тың тақырып - болашақ жайлы: «Адамдардың есіндегі естеліктерді ауыстыруға болатын болса қалай болар еді?» деген тақырып.

Ал, бұған дейін ғылыми фантастика жанрына тыйым салып келген қытай үкіметі ендігәрі компартия қазынасынан миллиондап қаражат бөліп, 2007-жылдан бері Фантастика фестивалін ұйымдастырып келеді. Қытайдағы ең алғашқы фестивальға қатысқан ағылшынның фантаст жазушысы Нил Гейман (Neil Richard MacKinnon Gaiman) өз естеліктерінде былай деп жазады:

жалғасы карусельде 👉🏻:

#оқы #жаңақазақ

Егер осы жазба өзіңіз бен достарыңызға пайда болады ғой десеңіз, бөлісе отырғайсыз

BUTTERFLY EFFECTОҚЫ  #2 (алды алдыңғы посттарда)кітаптан үзіндіХаос теориясында «көбелек әсері🦋» (қазақ тілді ғылыми айн...
30/10/2020

BUTTERFLY EFFECT
ОҚЫ #2 (алды алдыңғы посттарда)
кітаптан үзінді

Хаос теориясында «көбелек әсері🦋» (қазақ тілді ғылыми айналымда қалай аталып жүргенін білмеймін, мен осылай аудара салдым) деген термин бар. Қарапайым тілмен айтқанда белгілі бір үлкен өзгеріс не құбылыстың о бастағы басталу кезіндегі халіне титтей ғана (өте кішкентай) әсер еткен фактордың әсеріне кейінгі үлкен нәтиженің тәуелділігінің сезімталдығын айтады. Бұрын әр түрлі сөздермен аталып келген бұл түсінікті 1972-жылы Америкалық ғалым Филип Мерилис «Бразилиядағы көбелектің қанат қағуы Техастағы торнадоның болып-болмауына әсер етеді» - деген қалжың аралас тәмсілмен атағалы бері қысқаша түрде «Көбелек әсері» деп аталып жүргені сол.

Күресуіміз керек басты проблеманы білімсіздік, надандық, көзі ашылмағандық деп есептегендіктен ең алдымен өз-өзімізді үздіксіз дамытуға, білім деңгейімізді ұдайы көтеріп отыруға, осылайша «көбелек қанатымызбен» елдегі надандық дертін аластауға міндеттіміз. Бұл біздің келешек ұрпақ алдындағы борышымыз. Еліңді сүйетінің рас болса, оқы!

Бір мысал: Ыбырай Алтынсарин де отар болып сорлы күй кешуіміздің түпкі себебі білімсіздік екенін білген. Осы жолға өмірін арнаған. Кім біледі, Ыбырай 1864-жылы Торғайда екі сыныптық мектеп ашпағанда, құрылысын салып біткен мектепті өзіміздің қара қазақ өртеп жіберсе де алған бетінен қайтпай елден қайта қаражат жинап, қайта салып шықпағанда, ол мектепте Ахметтер мен Міржақыптар сауат ашпағанда, кім біледі, Алашорда серкелері, сәйкесінше бүгінгі тәуелсіз Қазақстан болар ма еді? Көбелек әсері дегеніміз осы. Бүгінгі сіз бен біздің қараңғылықтан жеке өз басымызды құтқаруға жасаған әр кішкентай әрекетіміздің өз ұрпағымыз бен қоршаған ортамыздың болашақ тағдырында аса үлкен рөл атқаруы бек мүмкін.



#оқы
#жаңақазақ

Егер осы жазба өзіңіз бен достарыңызға пайдалы болады ғой десеңіз бөлісе отырғайсыз.

SEVENBOOKS SMM manager іздейді
30/03/2019

SEVENBOOKS SMM manager іздейді

Вакансия SMM-менеджер. Зарплата: не указана. Астана. Требуемый опыт: 1–3 года. Полная занятость. Дата публикации: 27.03.2019.

Нәзік жандыларға арналған "АСЫЛ" топтамасына тапсырыс бере отырып бестселлерге айналған кітаптарға қол жеткізіп қана қой...
17/03/2019

Нәзік жандыларға арналған "АСЫЛ" топтамасына тапсырыс бере отырып бестселлерге айналған кітаптарға қол жеткізіп қана қоймай, 3510 теңге үнемдеңіз. ✅

Ол аз болса, ТЕГІН жеткізіп те береміз! Топтама саны шектеулі❗

🎁Топтамаға кіретін кітаптар: 🎁
1️⃣ "Әр күніңді әсемде"
2️⃣ "Әйелдерге арналған 30 хадис"
3️⃣ "Ең бақытты әйел"
4️⃣ "Тастамашы, ана!"
5️⃣ "Исламдағы бала тәрбиесі"
6️⃣ "Алғашқы мұсылман хазірет Хадиша радиаллаһу анһа"
7️⃣ "Балам жақсы болсын десеңіз"
8️⃣ "Барша мұсылманның ардақты анасы - хазірет Айша радиаллаһу анһа"

Топтама бағасы: 10290 теңге. Негізі бағасы: 13800 теңге
🎁 Ендеше, асығыңыз!

📲 Тапсырыс бойынша 87761811656 нөміріне немесе жеке хатқа жазыңыз. 💖

🔺Оқыңыз, өкінбейсіз. 20 сөйлем, 248 сөз.Əңгіме кітап хақында. Кітап жайында дұрыс жеткізе алмай қаламын ба деп те алаңда...
16/03/2019

🔺Оқыңыз, өкінбейсіз. 20 сөйлем, 248 сөз.
Əңгіме кітап хақында. Кітап жайында дұрыс жеткізе алмай қаламын ба деп те алаңдап тұрмын. Атына қарап, бір діни сауат ашуға арналған қиын кітап деп ойларсыз. Жоқ, олай емес. "Ақиқат шуағы" жəне "Күдікпен Күрес" атты екі бөлімнен тұратын, дін жолындағыларға да, қарапайым материалистік көзқарастағылар үшін де əлі дінге келе алмай жүргендерге де, арналған құнды, тілге жеңіл, ақылға сиымды кітап.
✅💥Көп адам оқыған екен. Жаман пікір естімедім. Ақиқат шуағы бөлімінде Алланың бар жəне бір екендігіне, Пайғамбарымыз(с.а.у) оның елшісі екендігін қарапайым түсінікті мысалдармен дəлелдейді. Дарвинизмнің өтіріктерін ашық көрсетіп, мына əлемді ғылыммен дəлелдейді. Тағдырдың не екенін, Періштенің кім екенін біліп, ажал менен құлшылықтың мəнін түсінесіз.
💡✔Кітапты статистикаңыз үшін, бітіру мақсатында емес, түсіну мақсатында, бойыңызға сіңіріп, білгеніңізге амал ете отырып, егжей-тегжейлі талдап оқысаңыз тек білім емес, саналы ой, салмақты мінез қалыптастырасыз.
🔥✔Күдікпен күрес бөлімінде көкіректе сайрап тұрған сансыз сұрақтардың біршамасына жауап аласыз. Адамды не үшін сынайды, не үшін жаратты, неге əйел бір саты төмен дейді, исламдағы əйел орны қандай, музыка харам ба, көп əйел алу дұрыс па, Пайғамбарымызға(с.а.у) салауат айту деген не? Жасанды ұрықтандыруға болады ма? Адамның барлығын неге жақсы етіп жаратпайды, дін жетпеген ескі тайпалар жұмаққа барады ма тозаққа барады ма, доңыз еті неге харам т.б. сұрақтарға жауапты алып, жаныңыз жай тауып, көңіліңіз тынышталсын.

____________
Кітап құны: 1500 теңге
____________
📮 Тапсырыс үшін 87761811656 нөміріне немесе direct-ке жазыңыз.

Қайырлы күн, достар! 🤗⠀📚 Екі дүниенің сардары болған Пайғамбарымыз (с.а.у) жайлы қандай кітаптар оқыдыңыздар және қандай...
15/03/2019

Қайырлы күн, достар! 🤗

📚 Екі дүниенің сардары болған Пайғамбарымыз (с.а.у) жайлы қандай кітаптар оқыдыңыздар және қандай әсер қалдырды? 😊

Комментке жазыңыз ⤵️

Сүйінші, мұсылман қауым! 🌞Намаз оқуды тез үйрететін «NAMAZ 4D» атты кітапша басылып шықты. Мұнда бес уақыт намаз оқудың ...
14/03/2019

Сүйінші, мұсылман қауым! 🌞
Намаз оқуды тез үйрететін «NAMAZ 4D» атты кітапша басылып шықты. Мұнда бес уақыт намаз оқудың үлгілері берілген.

📚 Кітапшаның басты ерекшелігі – ханафи мазһабы бойынша дәрет алуды және намаз оқуды 4D видеомен көре аласыз. Ол үшін смартфоныңызға Play Market-тен немесе Apple Store-дан NAMAZ 4D бағдарламасын жүктеп алыңыз. Бағдарламадағы камераны қосып, кітапшадағы бес уақыт намаздың суретіне бағыттағанда, сол намаздың қалай оқылатынын 4D видеодан көре аласыз. ✅

💰 Бағасы: 1100 теңге

📲 Тапсырыс үшін 87761811656 нөміріне немесе дайректке жазыңыз! 😊 ✓

📚 Бұл кітапта тасаввуф хақындағы мәліметтер, оның мән-мағынасы мен ұғымы Құран-хадис ақиқаттары бойынша баяндалады. Алла...
14/03/2019

📚 Бұл кітапта тасаввуф хақындағы мәліметтер, оның мән-мағынасы мен ұғымы Құран-хадис ақиқаттары бойынша баяндалады. Аллаһ достарының тілдегі, ділдегі және діндегі ахуалдары да қоса қамтылады. Әсіресе, құлшылық барысында шынайы ықылас танытуға кедергі болатын нәпсіні тізгіндеу жолдары мен тазарту түрлері ғибратты қиссалар арқылы баяндалады.
🔍 Кітап рухани тәрбие жолында кәміл имандылық пен адамгершілік қасиеттерді жолдас етпек болған барша қауымға арналады.

📌Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң қорытындысын алған.

📚 Тасаввуф есть достижении той степени духовной зрелости, которая позволяет познать непостижимые разумом тайны материального и духовного миров, проникнуть в суть всего происходящего в мироздании. Тасаввуф есть стремление выйти за грань физического бытия на пути безграничных духовных приобретений. 📝 То есть, Тасаввуф есть освобождение души из плена бренного тела, в результате которого ей открываются высшие знания, новые ощущение, понятие и проявления.
📌 Рекомендуется для широкого круга читателей. Все права защищены.

💰Цена: 1400 (кз)
1300 (рус)

📲 Для заказа обратитесь по номеру
8 776 181 16 56 или напишите в direct ✓

С ♥ Ваш SEVENBOOKS. KZ!

🎁 Жақсы әдеп пен өнеге. «My Shape Book» кітаптар сериясы балаларға жақсы мінез-құлық дамытуға көмектеседі! Қазақ, орыс ж...
13/03/2019

🎁 Жақсы әдеп пен өнеге. «My Shape Book» кітаптар сериясы балаларға жақсы мінез-құлық дамытуға көмектеседі! Қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілген.

🤔 Достарды қалай таңдаймын?
😡 Ашуды қалай жеңіге болады?
😒 Қызғаныштан қалай құтыламын?
😎 Менмендікті қалай жеңуге болады?
🤗 Қалай сыпайы сөйлесуге болады?

🎁 Серия книг «My Shape Book» поможет детям развить хорошее этическое поведение в жизни. ✔️

🤔 Как завести друзей?
😡 Как подавить злость?
😒 Как побороть в себе зависть?
😎 Как преодолеть гордыню?
🤗 Как вести себя вежливо?

Цена: 1100 ₸
📲 Для заказа обратитесь по номеру
8 776 181 16 56 или напишите в direct ✓

С ♥ Ваш SEVENBOOKS. KZ!

📚"Махаббаттың мәні"⠀🔍 Бұл кітапта ғашықтық, құмарлық, еркіндік, жауапкершілік, махаббат феномендері экзистенция әдісімен...
12/03/2019

📚"Махаббаттың мәні"

🔍 Бұл кітапта ғашықтық, құмарлық, еркіндік, жауапкершілік, махаббат феномендері экзистенция әдісімен талданған Авторлар қазіргі қазақ қоғамындағы отбасы проблемасының түпнегізін жан жақты талдап көрсетеді. Жетпіс жыл большевиктік боданда болған қазақ жұртының санасына деколонизация жасауға тырысқан.

🔷 Махаббаттың тәңірлік шынайы табиғатын терең танығыңыз келсе осы кітаптың бірінші бетінен бастап оқи беріңіз.

💰 Кітап құны: 1500 теңге

📲 Тапсырыс үшін 87761811656 нөміріне немесе дайректке жазыңыз.

Address

Ғабит Мүсірепов 7/2
Nur-Sultan
01000

Opening Hours

Monday 10:00 - 19:00
Tuesday 10:00 - 19:00
Wednesday 10:00 - 19:00
Thursday 10:00 - 19:00
Friday 10:00 - 19:00
Saturday 10:00 - 19:00

Telephone

+77761811656

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when SEVENBOOKS.KZ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to SEVENBOOKS.KZ:

Share

Category