10/06/2026
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті»
КеАҚ ұйымдастырған
«DULATY – Оңтүстік өңірдің инновациялық-индустриялық хабы»
өңірлік форумы жоғары деңгейде өтті.
Форумның мақсаты – ғылым, бизнес және өндіріс арасындағы байланысты нығайту, инновациялық жобаларды дамыту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Бұл алаңда ғылым, бизнес және өндіріс өкілдері бас қосып, тәжірибе алмасып, жаңа серіктестіктерге жол ашылды 🤝
Осындай маңызды іс-шараның бір бөлігі болғанымыз біз үшін үлкен мәртебе!
Алда – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жобалар .